Мемлекет басшысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-да болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-да болды

03.09.2014
Мемлекет басшысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-да болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына сапарында «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-да болды.

Елбасы металды өңдеу және қайта өңдеу, арматура жасау және ұсақ сортты прокаттар шығару жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қазақстан Президентіне прокат жасайтын технологиялық желінің жұмысы мен өндіріс технологиясы туралы, сондай-ақ, атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап көрді.

«ЕвразКаспианСталь» ЖШС-ның Қостанай прокат зауыты темірбетонды конструкцияларды арматуралауға арналған ыстық илемді болат өндіреді. Кәсіпорынның қуаты – жылына 450 мың тонна, онда 250-ден астам адам жұмыс істейді. 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу