Елімізде жекешелендірудің екінші кезеңі жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жекешелендірудің екінші кезеңі жүріп жатыр

22.09.2015
Елімізде жекешелендірудің екінші кезеңі жүріп жатыр

Елімізде мемлекет активтерін жаппай жекешелендірудің екінші кезеңі жүріп жатыр.  Бүгінге дейін Үкімет 205 нысанды бәсекеге қабілетті ортаға берді. Бұл туралы журналистерге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Қазан айының 13-не дейін жеке меншікке берілетін жаңа кәсіпорындардың тізімі  нақтыланбақ. Оның ішінде, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингіне қарасты маңызды деген  60 ірі кәсіпорын бар.

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу