Алматыда жер сілкінісі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

03.09.2014
Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:11-де  жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 135 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған. 

Зілзаланың энергетикалық класы – 10.9. Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы MPV – 4.9. 

Хабарламаларға жазылу