Заманның жаңа «сәнді дерті» - күйзеліс дегенді көп естиміз. Кейіндері ғаламторда тіпті, дүкен аралау мен жаңа үлгідегі киім-кешектерді сатып алу әйелдердің жүйке жүйесі мен көңіл күйіне әсер ететіні туралы жиі айтылатын болып жүр.
Себебі, зерттеу кезінде әрбір үшінші әйел кассалардағы кезек пен киімдерді таңдау кезінде жиі кездесетін проблемалардың психологиялық қысым жасайтынын мойындаған. Бірақ, шетелдік зерттеушілер мұны жоққа шығаруда.
Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуында жоқтықтан, тоқтықтан күйзеліп жүрген екі кейіпкердің мысалы. Әйелдерді күйзеліске түсіретін не жағдай?
Жоқшылықтан болатын күйзеліс түсінікті. Ал әйелдердің шопингтен күйзеліске ұшырауын тоқтықтан болатын күйзеліс деп айтуға болар. Сарапшылар пікірін Ұлттық арнамен бірге тыңдайық.