Елорда Олимпиада күнін атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда Олимпиада күнін атап өтеді

02.09.2014
Елорда Олимпиада күнін атап өтеді

Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 6 қыркүйекте Олимпиада күнін атап өтеді, деп хабарлады strategy2050.kz сайты.

Дәстүр бойынша Астанада Олимпиада күні жүгірумен атап өтеді. 800 метр қашықтыққа жекелей жүгіру 8-11 сынып оқушылары мен  колледж және  жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтеді.

Сондай-ақ, жекелей жүгіруге жоғары оқу орындарының студенттері, ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаттары, әскери және қарулы күштердің, министрлік, мекеме қызметкерлері мен кез келген қала тұрғындары қатыса алады. Олар 1200 метр қашықтыққа жүгіреді.

Олимпиада күнінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар тарту етіледі.

Хабарламаларға жазылу