Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі автокөліктерді техникалық байқауды тыйым салуды тапсырды.
«2015 жылдан бастап коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтын, пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі жеке көліктердің техникалық байқауына, сондай-ақ көлік құралын басқаруға сенімхатқа тыйым салу керек», - деді бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.
Елбасының айтуынша, заңнаманы қайта қарап шығып, нотариалдық негіздеу бойынша талаптарды қысқарту қажет. Сондай-ақ, Елбасы халыққа жұмысқа орналасу, шетелге шығу немесе көлік жүргізу куәлігін алу үшін анықтама беру бойынша «бір терезелі» жүйе принциптерін қайта қарауды тапсырды.