Геннадий Головкинмен тең дәрежеде жұдырықтасамын - Рубио - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкинмен тең дәрежеде жұдырықтасамын - Рубио

02.09.2014
Геннадий Головкинмен тең дәрежеде жұдырықтасамын - Рубио

Мексикалық боксшы Марко Антони Рубио қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілмейтінін мәлімдеді.

«Геннадий Головкин мықты боксшы, сондықтан онымен айла-әдіс қолданып жұдырықтасу қажет.  Яғни, дәл алдынан соққылар жасамай, бұрышқа тақап, оңыннан және солынан құйтырқы соққылар жасау керек. Бірақ, жекпе-жек тең дәрежеде өтетін секілді. Көп боксшы Геннадийдің күшінен қорқады. Меніңше, ең мықты боксшы – Хулио Сезар Чавес немесе Келли Павлик», - дейді Марко Антони Рубио.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антони Рубио арасындағы жекпе-жек 18 қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub стадионында өтеді.

Хабарламаларға жазылу