Парламенттің төртінші сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Министрлік комитеттеріне мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау өкілеттігі берілетінін айтты. Бұл туралы Ақорданың twitter-дегі парақшасында хабарланды.
Елбасы жұмысқа тұруға, шетелге шығуға, жүргізуші куәлігін алуға қажет анықтаманы «бір терезе» қағидатымен беру жайын қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев сессия барысында жаңа буын кодекстерін - Кәсіпкерлік және Азаматтық процестік кодекстерді қабылдау барысын аяқтау қажет, деп атап өтті.