«Сыр-сұхбатта» – күйші Анар Мұздаханова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сыр-сұхбатта» – күйші Анар Мұздаханова

31.08.2014
«Сыр-сұхбатта» – күйші Анар Мұздаханова

Анар Мұздаханова Динаның, Құрманғазының, Тәттімбеттің күйлерін алты жасында меңгеріп,  сол кезде-ақ ауыл-аймақтың мақтанышына айналған көрінеді.

Күйші өзінің 13 жасында шығарған  ең алғашқы «Самғау» күйін Тоқтар Әубәкіровке арнаған екен. 

Дәулескер күйшінің сұхбатын бүгін 17.00-де «Сыр-сұхбат» хабарынан тыңдай аласыздар.

Біздің анықтама:

Анар Айтбайқызы Мұздаханова – 1964 жылы 25 мамырда Қостанай облысы, Амангелді ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің музыка факультетін (1986) домбыра классы, концерт орындаушысы мамандығы бойынша, Арқалық педагогикалық институтын (1998) оқытушы, ансамбльдің жетекшісі мамандығы бойынша бітірген.

«Бабалар үні» (2002) кітабының тең авторы. 1986 жылдан - Арқалық пионерлер үйі ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі. 1991 жылдан - Ақмола облыстық филармониясының солисі.

1998 жылдан бері - Мемлекеттік филармонияның жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі (Астана қаласы). Астана қаласында екі мәрте жеке концерт өткізген.

Қазақстанның қалаларында гастрольдік сапарларда болып, Ресейде (Мәскеу қ.), ҚХР (Бейжің қ.), Венгрия (Будапешт қ.), Түркияда (Анкара қ.), Оңтүстік Кореяда (Сеул қ.), Ұлыбританияда (Лондон қ.) фольклор өнерін көрсеткен.

Республикалық аспапшылар конкурсы жеңімпазы (Ақтау қ., 1991), «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1994). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2010). 

Хабарламаларға жазылу