Алматы облысында бір тәулікте екінші рет жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында бір тәулікте екінші рет жер сілкінді

31.08.2014
Алматы облысында бір тәулікте екінші рет жер сілкінді

Алматыда 30 тамыз күні  сағат 20.31-де жел сілкінісі тіркелді. Жер дүмпуін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясының сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 8.7. Тербелісі - MPV 4.2, тереңдігі - 10 шақырым.

Еске сала кетейік, дәл осы күні Алматы уақытымен 14:24-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 43 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгені туралы хабарланған болатын. 

Хабарламаларға жазылу