Астанада қазақстандықтар арасында жаңа экологиялық сана қалыптастыру мақсатында «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «ЭКО пакет» жобасы бастады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Айта кетейік, пластикалық пакеттерді өндіруге жыл сайын әлемде өндірілетін мұнайдың шамамен 4%-ы жұмсалады екен, ендеше оларды қайта өңдеу пайдасыз.
Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, Астананың әрбір тұрғыны (балаларды қоса алғанда) жылына шамамен 300 пластикалық пакет пайдаланатын көрінеді.
Осылайша полиэтиленді пакеттерді қолданудан ең болмағанда бір қазақстандық бас тартар болса, бір жылдың ішінде 50 литр мұнай үнемделеді екен.
Қазіргі таңда, қозғалыс әлеуметтік зерттеулер жүргізіп жатыр. Мақсаты – азаматтардың дүкендерде бірнеше рет пайдалануға болатын мата ЭКО-қалталар мен экологиялық таза қағаз қалталарды пайдалануға қаншалықты дайын екендігін және оларды қаншаға сатып ала алатынын анықтау.
Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы жобаны іске асыру үшін Үкіметке бірқатар бастамалар ұсынып отыр.