Қарағандыда соңғы 3 жылда бірде-бір балабақша салынбаған, ал, кезекте тұрған бүлдіршіндердің саны 13 мыңды құрайды.
Бұл туралы бүгін өңірге сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Сонымен қатар, Елбасы Индустрияландыру картасы бойынша 80 жобаның жартысына жуығы Қарағандының еншісінде, ал, Жезқазғанда тек үш-ақ жоба бөлінгеніне назар аударды.
«Өңірдегі шағын және орта бизнестің үлесі 20 пайызды құрайды. Аймақ экономикасы «Арселор Миттал» мен «Қазақмыс» кәсіпорындарының негізінде алға жылжуда», - деді Қазақстан Президенті.