Астанадағы хореография академиясының құрылысы EXPO-2017 көрмесінің территориясы мен Ботаникалық бақтың жанында жүргізілуде. Академия төрт корпустан тұрады. Олар: оқуға арналған корпус, балеттік, театрлық және тұрғын үй корпусы. Бұл нысандар өзара жылы галереялармен байланысқан.
Оқуға арналған корпуста жалпы білім беретін мектеп, колледж және үлкен әрі жарық сыныптары бар институт орналасқан. Заманауи сауықтыру кешені мен көпфункционалды спорт зал да дәл осы жерде.
Балеттік корпусте 21 балет залы бар. Әр залда оқушылардың сабақ арасындағы үзіліс кезінде тынығуына ыңғайлы демалыс орындары қарастырылған.
Театр ғимаратында 800 орындық көрермен залы бар. Жартылай домалақ фойенің терезелерінен Ботаникалық бақтың және театр алдындағы субұрқағы бар алаңның көрінісін тамашалауға болады.
Тұрғын үй корпусында профессор және оқытушылар құрамына арналған 30 қызметтік пәтер орналасқан. Сондай-ақ, 410 оқушыға арналған кең бөлмелер бар.
Тағы бір айта кететін жайт, академия аймағында медициналық кешен мен үлкен асхана салынуда.
Оқытушылар мен білім алушыларға ыңғайлы жағдай болуы үшін 100 автокөлікке арналған жерасты паркингі және 300 көліктік орны бар ашық паркинг орналасқан.
Академияның құрылысы 2016 жылдың сәуір айында аяқталмақ.