Елордада «FrontStore Astana» жобасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «FrontStore Astana» жобасы өтеді

29.08.2014
Елордада «FrontStore Astana» жобасы өтеді

Астанада қазақстандық  «MALIQUE» киім бренді  «DONNE DI MODO»-ның қолдауымен Қазақстанда тұңғыш рет «FrontStore Astana» форматындағы шарасын өткізбекші. Осыған  орай бүгін елордадағы  «The Barley Martini terrazza» мейрамханасында баспасөз мәслихаты өтті.

Оған «FrontStore Astana» жобасы және «Malique» киім брендінің негізін қалаушы және дизайнер Малика Усупова, «Donne di Modo» жетекшісі және «FrontStore Astana» жобасының негізін қалаушы Зура Қабдрашева, тележүргізуші, акртиса Аша Матай, «FrontStore Astana» жобасының серіктесі,  «Стиль жизни» жобасының коммерциялық директоры Жадыра Дәулеткелдиева, сондай-ақ, «Brosh» аксессуарлар компаниясының директоры Ольга Ким қатысты.

Қатысушылар 30-31 тамыз күндері өтетін жаздың ең жарқын жобаларының бірі – «FrontStore Astana» жобасының  мақсаты, өту барысы туралы баяндады.

Айта кету керек, шараға атақты дизайнерлермен қатар, Аша Матай, Болат Можағұлов, Артур Төлепов, Дильназ Ахмадиева, Ерлан Көкеев, Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Ләйлә Сұлтанқызы, Сәуле Рахмедова сынды жұлдыздар да қатыспақ.

Сондай-ақ, қазақстандық стилист имиджмейкер Елдос Алтаев киімге аксессуарлар мен әшекей таңдау өнерінен шеберлік сағатын өткізеді.

Хабарламаларға жазылу