Биыл Павлодарда 124 мектеп күрделі жөндеуден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Павлодарда 124 мектеп күрделі жөндеуден өтті

29.08.2014
Биыл Павлодарда 124 мектеп күрделі жөндеуден өтті

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Ертіс ауданына қарасты Қызылжар ауылында күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектепке барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылжар ауылындағы мектеп 1975 жылы салынған. Қазір мектепте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтуде. Сыныптардағы ескі ағаш терезелер қазіргі заманғы пластикалық әйнектерге ауыстырылса, мектеп дәлізіне жаңа кафельдер төселінді. Күрделі жөндеуге қазынадан 36 миллион теңге бөлінген.

Басты назар сыныптардың жылылығы мен мектеп ауласының абаттандыруына бөлінген. «Жеке өзім күрделі жөндеудің барысын қатаң тексеретін боламын», - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Биыл Қызылжарда – біреу, ал облыс ауылдарындағы 56 мектептің күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінген болса, облыстық бюджеттен 68 нысанға қаражат қарастырылған. Жалпы биылғы күрделі жөндеуге қазынадан 1,7 миллиард теңге бөлініп отыр. 

Хабарламаларға жазылу