Мемлекет басшысы Тоголез Республикасының президенті Фор Гнассингбемен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Тоголез Республикасының президенті Фор Гнассингбемен кездесті

28.08.2014
Мемлекет басшысы  Тоголез Республикасының президенті Фор Гнассингбемен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тоголез Республикасының президенті Фор Гнассингбемен кездесті.

Кездесу Түркия Республикасының президенті  Режеп Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары және күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер талқыланды. 

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ,  қазіргі әлеуетті ескере отырып, бірқатар сала бойынша өзара ықпалдастықты  жандандыру қажеттігін атап өтті.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу