Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту хронологиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту хронологиясы

28.08.2014
Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту хронологиясы

КСРО құлағаннан кейін Қазақстанда қуаты бойынша әлемнің 4-ші ядролық қор қалған еді. Қазақстан территориясында Ембі, Сары-Шаған (Приозёрск), Байқоңыр, Семей полигоны сияқты КСРО-дағы ірі сынақ, космостық және ядролық полигондары орналасты.

1991 жыл – Семей атом полигоны жабылды.

1992 жыл 22 мамыр – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңес әскерінен қалған атомдық қарудан бас тартып, Лиссабон хаттамасына қол қояды.

1993 жыл 13 желтоқсан – ҚР Жоғарғы Кеңесі «Ядролық қаруды таратпау Келісіміне қосылу туралы» қаулы қабылдайды.

1994 жыл Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау Келісіміне қосылуына байланысты Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания мен АҚШ Қазақстанның қауіпсіздік кепілдері туралы Меморандумға қол қойды. Бұл кепілдіктерге кейін Қытай мен Франция да қосылды.

1994 жыл – Қазақстан В. Метта арқылы АҚШ-қа 24 ядролық бомбаның (90 пайыз, 600 келі) уранын сатты. Бұл уран суасты ядролық отын үшін жиналған еді.

1995 жыл, сәуір – Қазақстан барлық ядролық қаруды Ресейге шығарды.

1995 жыл 27 мамыр – бұрынғы Семей ядролық поигонының ұңғымасында соңғы ядролық заряд жойылды.

1996 жыл – Қазақстаннан Ресейге стратегиялық бомбалаушы ұшақтар шығарылды.

1996 жыл 30 қыркүйек – Қазақстан жалпыға бірдей ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Келісімге қол қойды.

2000 жыл – бұрынғы Семей ядролық сынақ поигонында соңғы ядролық сынақтарға арналған ұңғыма жойылды.

2008 жыл – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ядролық қаруды таратпауға үлес қосқаны үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды.

Хабарламаларға жазылу