«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысы

28.08.2014
«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысы

«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысының негізі 1980 жылдың желтоқсанында қаланған. Ал, қозғалыстың алғашқы конгрессі 1981 жылы АҚШ-тың Арли қаласында өтті.

Конгресске қатысқан 11 мемлекет ядролық соғыстың салдары туралы материалдарды жариялады. Сол жиында бүкіл әлем атом бомбасының қасіреті туралы көптеген жаңа мәлімет алды. Мысалы, егер 1 мегатонна болатын бір атом бомбасы 1 миллион халқы бар қалаға тасталса, 300 мың тұрғынын бірден, ал тағы 400 мың адам күйік, түрлі сәуле ауруынан қайтыс болады.

1984 жылы өз қызметі үшін федерация ЮНЕСКО-ның сыйлығына ие болды. Қазірде қозғалыстың  қатарына 65 мемлекеттен дәрігерлердің топтары енеді.

Хабарламаларға жазылу