Мемлекет басшысы Абдулла Гүлге алғысын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Абдулла Гүлге алғысын білдірді

28.08.2014
Мемлекет басшысы Абдулла Гүлге алғысын білдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Абдулла Гүлмен кездесті.

Әңгіме барысында соңғы жылдардағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының негізгі кезеңдері талқыланды.

Президенттер бұдан әрі даму үшін зор әлеуеттің бар екенін айта келіп, екіжақты ынтымақтастықтың артып келе жатқандығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Абдулла  Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

 

Хабарламаларға жазылу