Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде мүлікті заңдастыру үшін құжаттарды қабылдау басталады. Осыған байланысты Астана қаласының аудандық әкімдіктерінде арнайы комиссия құрылды.
Алматы ауданының тұрғындарынан құжаттарды қабылдау Тәуелсіздік көшесіндегі 7 үйде жүргізіледі.
Есіл ауданы бойынша арнайы кабинеттер Қабанбай батыр даңғылы, 33 үйде жұмыс істейді.
Сарыарқа аудандық комиссиясының бөлімшесі Сарыарқа даңғылындағы 13 үйде ашылды.
Азаматтар мүлкін жария ету үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесін (өтінішті берген кезде түпнұсқасын ұсыну керек), нысанның құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын әкелуі тиіс, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мүлікті жария ету бойынша құжаттарды қабылдау 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.