Бүгінде талай шаңырақты шайқалтқан ащы судың зардабын тартатындардың қарасы көп. Жамандық атаулы бастау алатын ішімдіктен адамзат баласына келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын.
Араққа үйір адамның отбасында бақытсыз, қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Әрі олар түрлі ауруға да шалдыққыш келеді.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады.
Бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» баласы араққа салынған ана сырымен бөліспек.