Инсульт «жасарып» барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инсульт «жасарып» барады

26.08.2014
Инсульт «жасарып» барады

Инсульт — бастың қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы. Бастағы ми қан тамырларының зақымдануы және қан тамыр жүйесінің түрлі ақауы инсультке шалдықтырады.

Дәрігерлердің айтуынша, инсульт тез пайда болады, оны алдын ала сезу қиын. Сондықтан, қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы керек.

Инсульттің алғашқы бастамасында адамның көңіл күйі бұзылады, басы айналады, тілі күрмеледі, бір жақ аяқ-қолы жансызданады. Егер аталған белгілер білінсе, дереу жедел жәрдем шақырту керек.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналған бұл дертке қарсы дүниежүзілік күн де белгіленген. Ол – 29  қазан.

Медицина мамандарының  айтуынша, бұдан бірнеше жыл бұрын инсультке көбіне алпысты алқымдаған адамдар бейім болса, соңғы жылдары бұл ауру «жасарған». Бүгінде 19-20 жас аралығындағы азаматтар да осы дертке шалдығуда.

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» қауіпті дерттің салдары, алдын алу жолдары турасында әңгіме өрбітеді.

Хабарламаларға жазылу