Әлемдегі ең алып кеме - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең алып кеме

26.08.2014
Әлемдегі ең алып кеме

«Оазис» лайнері Фин елінде жасалған. Кеме құрылысы 2006 жылы басталып, 2009 жылы толықтай аяқталды. Құрылғы соңғы үлгідегі қуаты күшті техникалармен толық қамтамасыз етілген. Бір дөңгелекте 27 мың жылқының күші бар. Ал көмекші дөңгелектердің диаметрі – 4 метрді құрайды.

Кеме капитаны Уильям  Райдтың айтуынша, бұл жерде жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. «Біздің мақсат – жұртшылықты таң қалдыру. Әлемде кеменің ішіне тұтас бір қаланың сыйып кетуі бірінші рет болып отыр»,- дейді ол.

Лайнер корпусының салмағы 45 мың тоннадан және 480 мың бөлшектерден тұрады. Кемеде 5400 жолаушы бар. Сондай-ақ, 2200 қызметкер халыққа қалтқысыз қызмет етеді.

Кеме бортында әлемдегі ең үлкен казино және 1380 орындық концерт залы бар. Сонымен қатар, бұл жерден экзотикалық өсімдіктердің 12 мың кездестіруге болады.

Алып кемедегі басқа да қызықтар туралы «Таңшолпанның» сюжетінен көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу