Италиялық велошабандоз Фабио Ару «Вуэльта» көпкүндігінің 3-ші кезеңінде «Astana Pro Team» клубының сапында мәре сызығын 29-шы кесіп, өз командасындағы үздік нәтижеге ие болды.
Үшінші кезеңнің жеңімпазы Orica-GreenEdge командасының өкілі австралиялық Майкл Мэттьюз атанды. Ал, мәре сызығын екінші ирландиялық Даниэль Мартин (Garmin-Sharp) кесті. Ресейлік «Катюша» командасының шабандозы Хоаким Родригес үшінші келді. Фабио Ару кезең жеңімпазынан 7 секунд артта қалып қойды.
Жалпы есеп бойынша Майкл Мэттьюз бірінші (Orica-GreenEdge), одан 4 секунда қалып келе жатқан колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) екінші орында тұр.