Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытаудағы кездесуінде айтты.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазақтың қай қиырына барсаң да, қасиетті жерлер көптеп кездеседі. Мәселен, шығыста Берел қорғаны, орталықта қазақ пен қалмақ соғысқан Аңырақай, батыста Алтын орда хандары тұрған Сарайшық, оңтүстікте Түркістан сынды қасиетті жерлер бар.
«Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біле бастаған елміз. Қазақтың тарихы бай. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан, тарихымызды білу үшін көп іс қолға алынуда», - деді Елбасы.
ҚазАқпарат