Жезқазған өңіріндегі 6 мың халықты көшіру үшін мемлекет қаржы бөледі – Нұрсұлтан Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған өңіріндегі 6 мың халықты көшіру үшін мемлекет қаржы бөледі – Нұрсұлтан Назарбаев

25.08.2014
Жезқазған өңіріндегі 6 мың халықты көшіру үшін мемлекет қаржы бөледі – Нұрсұлтан Назарбаев

Жезқазған өңірінен 6 мың халықты жақсы аймаққа көшіру үшін мемлекет 250 миллион доллар қаржы бөледі.

Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытауда өткізген кездесуінде айтты.

«Бұл өңірден Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуы мен Жезқазған қаласының орнауы  бір-бірімен сабақтас. Қазіргі жағдайда 50-60 жыл өтіп, қаншама кен, мыс шығарылды. Жердің қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі болады. Сол сияқты Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені таусылып, қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл - табиғи мәселе», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, осы өңірде мыс кенін өндірумен айналысатын комбинаттың жұмысын ұзарту үшін тың шаралар қолға алынбақ.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу