Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Головкин және Рубио жұбының жеңімпазын Мигель Коттомен жұдырықтасуға міндеттеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Головкин және Рубио жұбының жеңімпазын Мигель Коттомен жұдырықтасуға міндеттеді

25.08.2014
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Головкин және Рубио жұбының жеңімпазын Мигель Коттомен жұдырықтасуға міндеттеді

Дүниежүзілік бокс кеңесі WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын пуэрторикалық Мигель Коттемен жекпе-жек өткізуге міндеттеді.

Ал, Коттоның өзі таяуда мексикалық боксшы WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы Әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін жеткізген болатын. Бірақ,  бұл үшін оған енді өзінің биыл жеңіп алған чемпиондық атағынан бас тартуына тура келеді.

 Естеріңізге сала кетейік, пуэрторикалық Мигель Котто маусым айында аргентиналық боксшы Серхио Мартинесті айқын басымдықпен жеңіп, WBC нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы атанған болатын.

Хабарламаларға жазылу