WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің билеттері 27-ші тамыздан бастап сатылымға шығады.
Осы жекпе-жектің жеңімпазы пуэрторикалық Мигель Коттоның негізгі қарсыласы атанады.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жек 18-ші қазан күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы StubHub Center бокс аренасында өтеді.