Астанада жаңа көлік жүйесі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа көлік жүйесі іске қосылады

23.08.2014
Астанада жаңа көлік жүйесі іске қосылады

«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» (ВRT, ITS) жобасын келер жылы іске қосу жоспарланған. Аталған жобаның басты артықшылықтарының бірі - аялдамалар саны негізінде сараланған жолақысын төлеу мүмкіндігі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде жобаның заңды құрылымына және қаржы кестесіне байланысты дайындық жұмыстары қолға алынды. Тариф саясатын қолдайтын билет сату жүйесі Астана қаласының жаңа көлік жүйесінің ағымдағы және алдағы жобаларын синхрондау кезінде ескерілетін басты элемент болмақ.

Жолаушылар түрлі бағыттағы көліктерге ауысып отыру мүмкіндігіне ие болады. Оның үстіне уақыты мен ақшасын үнемдейді. Ал жолаушылар ағыны қалалық бағдарлар бойынша біркелкі бөлінетін болады.

Бұл өз кезегінде, жолаушыларды тасымалдау қызметінің тартымдылығы мен қолайлылығын арттырады. Билет сату жүйесі қала мен оның тұрғындарына бірқатар артықшылық береді.

Жолақыны төлеу контактісіз карталармен (электронды ақша) билет сату автоматтары арқылы жүзеге асырылады. Жолаушылар автобус сервисі мен BRT (билет сатудың жалпы жүйесі) үшін бір картаны қолданады.

Ол валидатордың көмегімен автобуста тіркеледі. Қаланың жаңа көлік жүйесі қоғамдық көлікті әлдеқайда қолжетімді және қолайлы етпек.

Хабарламаларға жазылу