Nokia компаниясы басшыларының бірі қызметінен кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Nokia компаниясы басшыларының бірі қызметінен кетеді

21.08.2014
Nokia  компаниясы  басшыларының  бірі  қызметінен  кетеді

Nokia  компаниясының  картографиялық  сервисті  дамыту  бөлімінің  басшысы  Майкл  Халбхерр  қызметінен  кетеді.  Бұл туралы  финляндиялық  компанияның  хабарламасында  айтылған. Майкл  Халбхерр  2014  жылдың  1 қыркүйегінен  бастап,  Here  сервисінің  бас  директоры  лауазымынан  босатылады.  Ол  жеке  жобаларымен  айналыспақ.

Оның  міндетін   Клифф  Фокс  уақытша  атқарады.  Ол - Here  сервис  бөлімшелерінің   бірінде  вице-президент. Nokia  компаниясы   бұл  лауазымға  үміткер  іздестіруде.

Nokia – финляндиялық  трансұлттық  компания,  телекоммуникация  жабдықтарының  өндірушісі,  here.com  картография  сервисінің,  смартфон  және  мобильді  телефон  құрастырушысы.

Хабарламаларға жазылу