Бұл – егемендік алған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі көпбалалы қазақ отбасының өмірі туралы фильм. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарына аяқ басқан жылы бұл отбасы Астанаға көшіп келеді.
Әртүрлі өмірлік сынақтардан өтіп, адами қасиеттер мен рухани құндылықтарды сақтап қалады. Сонымен бірге, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
Райхан Айтқожанова, Оңдасын Бесікбасов, Рүстем Жаныаманов, Нұржан Құрманәлиев, Меруерт Маматаева сынды кейіпкерлерін сомдаған «Ана жүрегі» отбасылық мелодрамасын көріңіз.
Бүгін 19.15-те Ұлттық арнада.