«Фотосфера» қызметін (сфералық көрініс) Android пайдаланушылары біраз уақыт қолданып келеді. Алайда, iOS- гаджет иелері шетте қалған болатын. Google осы жағдайды түзету үшін iPhone-ның жеке қосымшасын жасауға кірісті.
«Фотосфера» - айналаны 360-градустық форматта қарауға болатын функция. Осындай көріністерді түсіру Android-смартфоны пайдаланушыларына Android 4.2 шыққаннан кейін қолжетімді болды. Айта кетейік, бұл функцияны «Google Камера» қосымшасы бар пайдаланушылар ғана қолдана алады.
Сурет түсіру үшін смартфонды бір нүктеде ұстай тұрып, камерасын жан-жаққа бағыттау керек. Кейін суретті Google Maps жүйесіне тіркеп, достарымен бөлісуге де болады.