«Парыз» байқауына жаңа номинация енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Парыз» байқауына жаңа номинация енгізілді

21.08.2014
«Парыз» байқауына жаңа номинация енгізілді

«Парыз» байқауына «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» атты жаңа номинация енгізілді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов хабарлады.

Бұл номинацияда  қызмет процесінде қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартатын үміткерлердің қызметі қаралады.

Байқау биылғы жылы  7-ші рет ұйымдастырылмақ.  Қазіргі таңда 200-ге жуық кәсіпкерлік субъектісі өтініш берген.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін насихаттайтын «Парыз» байқауының  басты мақсаты - ҚР Еңбек Кодексінде көрсетілген талаптарды орындайтын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындарды мадақтау.

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу