Бүгін Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Ақтөбе» мен польшалық «Легия» клубтарының арасындағы алғашқы ойынды тікелей эфирде сағат 21:00-де «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен испаниялық «Вильярреал» арасындағы ойынын сағат 21:00-де тікелей эфирде ұсынады.
Сонымен қатар, «KAZsport» телеарнасы «Ақтөбе» мен польшалық «Легия» клубтарының арасындағы қарымта ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Ал, елордалық «Астана» мен «Вильярреал» клубтарының арасындағы қарымта кездесудің трансляциясы бойынша келіссөз жүргізілуде.