«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...»

21.08.2014
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...»

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ...».

Қызыл кітап – адамзаттың табиғатты қорғаудағы жасалған алғашқы қадамдарының бірі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі  XX ғасырдың  бас кезінде қолға алынды.

1902 жылы Париж қаласында алғаш рет құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. Ал 1948 жылы ЮНЕСКО-ның жанынан халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылған болатын. 

Комиссия төрағасы Питер Скотт «қызыл кітап» деп атау ұсынып, 1963 жылы жарыққа шығарды. Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап болады. Онда мүлде жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктер тіркеледі.

Бір қызығы, кітапқа енген алғашқы жануар – қасқыр. Бұл жарлық Германияда қабылданды.

90-шы жылдары бөкендер көп елдің күнкөріс  кәсібіне айналды. Киелі жануар деп қастер тұтқан ақбөкеннің саны 1993 жылы 900 мың болды. Ал 1998 жылы 470 мыңға кеміді. 2001 жылы 80 мыңы қалды. Қазір 21 мың ғана бөкен түзде жосып жүр.

Қызыл кітапқа енген жануарлардың 80 пайызы адам қолымен жасалған әрекеттердің салдарынан сиреп кеткен.

Еліміздегі жануарлардың Қызыл кітапқа енген  басқа да түрлері  туралы «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу