Тамыз айында қандай жемістерді тұтынған жөн? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыз айында қандай жемістерді тұтынған жөн?

21.08.2014
Тамыз айында қандай жемістерді тұтынған жөн?

Тамыз – жиын-терім айы.  Демек, ас мәзіріндегі ауыр тағамдарды табиғи дәрумендермен алмастыруға мүмкіндік мол. Қарбыз – шөлді ғана баспайды. Бүйрек пен бауырды емдеп, ісінуден қорғайды.

Ағзадағы холестериннің шығуына әсер етеді. Бар-жоғы 150 грамм қарбыз адамды бір күндік магний нормасымен қамтамасыз етеді. Яғни, жүйке күйзеліске төзімді болады. Қарбыз шырынын ішудің де пайдасы мол.

Ал, дәмді әрі шырынды қауын қантқа, ақуыз бен крахмалға бай. Құрамында кремний, С дәрумені, коратин сонымен қатар, органикалық қышқылдар, калий минералды тұздары, натрий мен темір мол. Ол қан құрамын қалыпқа келтіріп, жүйке жүйесін тыныштандырады.

Баклажаннан жасалатын ас мәзірі өте көп. Оны қыруға, бұқтыруға болады. Қуырдаққа, сорпаға, салатқа қосады. Қыста мұздатып қояды. Онда кальций, темір, В тобының дәрумендері, фосфор мол.

Қара өрікте дәрумен мен микроэлементтер баршылық. Әсіресе, қошқыл түстісінде А дәрумені көп.  В1, В2, С дәрумендері, калий, фосфор алма мен алмұртқа қарағанда қара өрікте бай. Бұл жемісте кальций, магний, темір де бар.

Осы және басқа да жеміс-жидек турасында толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу