Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйек күні денсаулық сабақтары өтеді. Бұл туралы ОКҚ баспасөз отырысында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмиля Баттакова мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
«1 қыркүйек күні балалар арасында өз денсаулығына жауапкершілік арту үшін денсаулық сабақтары өтеді. Денсаулық сабақтары салауатты өмір салтын жүргізу, алдын алу жұмыстарына арналмақ. Қандай да бір көзқарас қалыптаса бастаған кезде дұрыс білім алып, жетілген дұрыс», - деді ол.
Оның сөзінше, кеңес сабақтары халыққа жалпы ережелерді жеткізуге ыңғайлы. Бұл – нашадан бас тарту, темекі шекпеу, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын насихаттау сабақтары.
Сондай-ақ, өзін-өзі басқару, ұстау әрекеттері бойынша біраз кеңес беріледі.