Мемлекеттік марапат түрлерін білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік марапат түрлерін білесіз бе?

20.08.2014
Мемлекеттік марапат түрлерін білесіз бе?

Елімізге еңбегі сіңген тұлғаларға түрлі дәрежедегі мемлекеттік марапаттар тағайындалған. Тәуелсіздік жылдары мұндай марапаттардың саны да өсті. Ең жоғары марапат алған азаматтарды ҚР Президенті марапаттайды.

«Алтын Қыран» ордені 1995 жылы тағайындалған. Бұл марапатқа еліміздің дамуына айрықша үлес қосқан адамдар лайық деп табылады.

«Халық Қаһарманы» атағы 1993 жылы тағайындалған. Атақ Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы жауынгерлік ерліктері үшін беріледі. «Халық Қаһарманы» атағын алған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырылады.

«Отан» ордені 1993 жылдан бастап беріліп келеді. Бұл орденмен азаматтар мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік прогрессті дамытудағы айрықша еңбегі үшін марапатталады.

«Барыс» ордені 1999 жылы тағайындалған. Ол үш дәрежеден тұрады.  Бірінші дәреже орденнің жоғары мәртебесі саналады.

«Даңқ» ордені 1993 жылы тағайындалған. Орденнің Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың офицерлік құрамдағы сондай-ақ, прокуратура, ұлттық қауіпсіздікпен қамтамасыз еткен, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқан жандар марапатталады.

«Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерінен бөлек, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары бар.

Дүниеге көп бала әкеліп, оларды тәрбиелеп өсірген аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тапсырылады.

Қазақстанның Халық ақыны, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі сынды атақтар беріледі.

Хабарламаларға жазылу