Айгүл Иманбаеваның театры халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айгүл Иманбаеваның театры халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

19.08.2014
Айгүл Иманбаеваның театры халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

Статистикалық мәлімет бойынша, биыл республикада 60 театр жұмыс істеп тұр. Бүгінде бұл театрлардың жетістіктері де жаман емес. Күні кеше ғана Македонияда өткен байқауда Айгүл Иманбаеваның театры жүлделі орынға ие болды.

Шілде айының соңында Македонияда 13-ші рет өткізілген «Стоби» атты халықаралық театр фестивалінен театр ұжымы бас жүлдемен оралды.

«Біз декорациямызды ұзын қызыл матамен ғана безендіреміз. Дәл сол күні жел қатты болғандықтан, декорацияға кедергі келтіре ме деп ойлаған едік. Алайда, біз спектакль қойған кезде дала тына қалды. Көрермен бір деммен тамашалады. Қойылым аяқталған соң, көрерменнің қошеметінен өзіміздің жаман ойнамағанымызды сездік»,- дейді  актер Қадырғазы Қуандық.

Халықаралық фестивальге қатысуға ынталы өнер ұжымы аз емес. Тек іріктеуден өткен 5 театр Македонияда өнер көрсету мәртебесіне ие болыпты.  Қойылған тағы бір талап: шығарма әлемдік драматургиядан болуы тиіс. Сол себепті, «АИ» театры талай бәйгені қанжығасына байлаған Жан Ануидің «Медеясын» апарған.

Бір қызығы, қазылардың кім екенін, қайда отыратынын қатысушылар білмейді. Олар көпшілік арасында елеусіз отырып-ақ, өнерпаздарды бағалайды екен. Осылайша, көрермен де, қазылар алқасы да «Медеяны» бас жүлдеге лайық көрген.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу