Алматыда бизнеске арналған кеңсе ғимараттарын тұрғызу бағасы 40 пайызға артты.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шаршы метрі 164 мың теңгені құраған. Өткен жылдың дәл осы мерзімінде баға 118 мың теңге болған.
Қаңтар-маусым айларында Қазақстан бойынша жалпы аумағы 149 мың шаршы метрді құрайтын бизнес кеңселер пайдалануға берілсе, оның 80 мың шаршы метрі Алматы қаласына тиесілі.
Жалпы, құрылыс бағасы бойынша еліміздегі ең қымбат өңір - Маңғыстау облысы. Мұнда құрылыстың шаршы метрі - 223 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды kapital.kz.