Хакерлер компьютерлерді YouTube арқылы зақымдаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хакерлер компьютерлерді YouTube арқылы зақымдаған

19.08.2014
Хакерлер компьютерлерді YouTube арқылы зақымдаған

Ғаламторда сіздің компьютеріңізге «аңдыйтын» вирус кіріп кету үшін күдікті сілтемеден бағдарлама жүктеу міндетті емес екен.

Хакерлер YouTube пен Microsoft Live трафигін өзгертіп, компьютерге «тыңшылық» бағдарлама орнатуды үйренген.

Осындай зиянды бағдарламаларды таратудың жаңа тәсілін Citizen Lab лабораториясы зерттеп, жариялаған. Зерттеушілер бұл «тыңшылық» бағдарламаны Марокко мен БАӘ үкіметтерінің тапсырысы Hacking Team компаниясы таратты деп болжауда.

Лаборатория мамандары осындай ұйымдар АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай мен Израильде де бар екенін айтады.

Хабарламаларға жазылу