«Даму» қоры: Ұлттық қордан бөлінген қаржы игерілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даму» қоры: Ұлттық қордан бөлінген қаржы игерілуде

15.09.2015
«Даму» қоры: Ұлттық қордан бөлінген қаржы игерілуде

Мирас Бейсембаевтың айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық Қордан бөлінген 50 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш 90,6 пайызға орындалған. Биыл қыркүйек айына дейін 45,2 миллиард теңгеге 258 жоба қаржыландырылған. Қазір екінші деңгейлі банктер құны 14,7 миллиард теңге болатын 74 жобаны қарауда.

2015 жылдың наурызында басталған үшінші траншқа бөлінген 50 миллиард теңге де сәтті игерілуде.

Жалпы сомасы 42,1 миллиард теңгенің 303 жобасы мақұлданған. Оны жүзеге асыру үшін  «Азия Даму Банкінен» Үкімет кепілдемесімен 228 миллион долларға дейін қарыз алу жайлы жасалған келісім нәтижесінде, шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несиелер берілді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу