Motorola өзінің жаңа құрылғыларын 4 қыркүйекте көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Motorola өзінің жаңа құрылғыларын 4 қыркүйекте көрсетеді

17.08.2014
Motorola өзінің жаңа құрылғыларын 4 қыркүйекте көрсетеді

Берлинде өтетін IFA көрмесінде Motorola компаниясы өзінің жаңа смартфондарының үлгісін көрсетеді.  

Берлиндегі көрмеде Moto X+1 (немесе X2) және орта бюджетті Moto G+1 (немесе G2) смартфоны көрсетіледі.

Осыған қоса, құлаққа тағатын жаңа құрылғы мен Android Wear бағдарламасымен жұмыс істейтін Moto 360 «ақылды» сағатының да таныстырылымы болады.

Moto X+1 смартфонының 5,2 дюймдік дисплейі, 4 ядролы процессері, 32 ГБ жады болады деп күтілуде. Бұл құрылғыда 12 мегапикселдік камера болуы мүмкін.

 

Хабарламаларға жазылу