ҚР Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жазушы, журналист Марал Хасеннің «Мазасыз күндер» атты кітабы жарық көрді.
Ақиқатшыл қаламгер, дәуір үнін дөп басқан публицист, қос тілдің тізгінін тең ұстаған аудармашы Марал Хасеннің бұл жинағына түрлі жанрдағы мақалалары, әңгімелері және әлем әдебиеті өкілдерінен аударған шығармалары еніп отыр.
Олардың ішінде бір жылдары баспасөз беттерінде жарық көріп, оқырманның ықыласына бөленген «Өмірдің мәні құштарлықта!», «Сәйағаң қайтып келген күн», «Домбыраның үні неге булығып шығады?», «Қисса әл-қазағия» атты туындылары бар.
Кітап Алматы қаласы, «Хантәңірі» баспасынан шыққан.
Бұған дейін жазушының 2009 жылы «Жүрек қанын сия қылған», 2012 жылы «Сынын бермес сырлы сөз» атты кітаптары жарық көрген.