Астананы әлемнің 50 «ақылды қаласының» тізіміне енгізудің жаңа жүйесі жасалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананы әлемнің 50 «ақылды қаласының» тізіміне енгізудің жаңа жүйесі жасалуда

16.08.2014
Астананы әлемнің 50 «ақылды қаласының» тізіміне енгізудің жаңа жүйесі жасалуда

Халықаралық «Ernst&Young» компаниясының мамандары қазақстандық әріптестерімен бірлесе отырып Астана өміріндегі түрлі технологиялық инновацияларды пайдалануды зерттеуді бастады.

Зерттеу нәтижесінде елорданы әлемнің 50 «ақылды қаласының» тізіміне енгізуге мүмкіндік беретін жоспар дайындалмақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Ernst&Young» компаниясы «Ақылды қалаларды» дамыту орталығының атқарушы директоры Уильям Хатчисон Астанадағы инновациялық технологиялардың даму барысын сөз ете келе, әлемнің «ақылды қалаларында» енгізіліп жатқан жүйелермен таныстырды. 

«Астананың «ақылды қалалардың» біріне айналуы үшін қаланың барлық бөлімін инновациялық үрдіске қосу керек. Енгізілген жүйелер барлық тұрғын үшін қолжетімді болуы тиіс», - деді Уильям Хатчисон.

Айта кетейік, Уильям Хатчисон  әлем бойынша «ақылды қалаларды» құруда 20 жылдық тәжірибесі бар халықаралық сарапшы.

Ол Сеул, Торонто, Сингапур, Стокгольм қалаларын осы тізімге қосуға үлес қосқан. 

Хабарламаларға жазылу