Астанада «Өз емханаңызды білесіз бе?» акциясы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Өз емханаңызды білесіз бе?» акциясы өтуде

16.08.2014
Астанада «Өз емханаңызды білесіз бе?» акциясы өтуде

Астана қаласының әкімдігі «Өз емханаңызды білесіз бе?» акциясын жүргізуде.

Акция үйден, не кеңседен шықпай-ақ,  қандай емханада тіркеуде тұрғаныңызды анықтап, astana.kz сайты арқылы басқа емханаға тіркеуге тұруға мүмкіндік береді.

Шара қаладағы көші-қон үдерісінің жоғарылығымен, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жиі пәтерге қоныстанумен және жаңа емханалық кешендердің қолданысқа берілуімен байланысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Ағымдағы жылдың соңына дейін қаланың сол жағалауында, Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында 500 адам қабылдауға қауқарлы амбулаторлық емхана ашылады.

Сондай-ақ, Досмұхамедұлы көшесі мен  Ильинка тұрғын алабында  ауысымына 150 адам қабылдайтын алғашқы медициналық-санитарлық орталықтар ашылмақ.

Хабарламаларға жазылу