Бүгін таңғы сағат 3:43-те Алматы облысында 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек (EMSC), жер сілкінісі 16 тамыз күні Алматы қаласынан 40 шақырым шығысқа қарай, Талғар қаласынан 25 шақырым қашықтықта жергілікті уақыт бойынша 03:43-те тіркелген.
Бұған дейін дәл осындай қуатты жерасты дүмпуі 2011 жылы 1 мамырда болған еді. Сол жылы жер сілкінісінің қуаты 5,5 балға жеткен.