«Эбола» вирусы салдарынан Африка спортшылары Нанкин Олимпиадасына қатыспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эбола» вирусы салдарынан Африка спортшылары Нанкин Олимпиадасына қатыспайды

15.08.2014
«Эбола» вирусы салдарынан Африка спортшылары Нанкин Олимпиадасына қатыспайды

«Эбола» вирусы тараған елдердің спортшыларына Нанкиндегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарындағы жүзу мен жекпе-жек жарыстарына қатысуға тыйым салынды. Мұндай шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті мен жергілікті ұйымдастырушылар қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарт

Нақтырақ айтқанда, бұл шектеу үш спортшыға қатысты. Өйткені бұған дейін Сьерра-Леоне мен Нигерия мемлекеттерінің спортшылары сайысқа қатысудан бас тартқан болатын.  

Халықаралық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, сайыс кезінде спортшылардың барлығына тексеру күшейтіледі.

Жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары 16-шы тамыз күні  басталады.

Хабарламаларға жазылу