Бүгін - композитор, «Қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
Отырар ауданының орталығы Шәуілдірден 47 шақырым жерде Шәмші Қалдаяқов ауылы орналасқан.
Композитор дәл осы ауылда 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген.
«Ән өнерінің майталманы туған топыраққа жиі келетін. Әр келгені ауыл үшін бір той болатын. Мінезі де жайдары еді», деп еске алады ауылдастары.
Қазіргі кезде аудан орталығындағы әл-Фараби мұражайында Шәмшіге арналған бұрыш бар. Сонымен қатар, мұнда сазгердің әкесі Қалдаяқ ұстаның қолданған құрал-саймандары құнды жәдігер ретінде қойылған.
Сайын сахараны әуенімен әлдилеген сазгердің шығармашылығы туралы «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар.