«Балапан» бағдарламасы балаларды балабақшаға орналастыруға көмектесуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» бағдарламасы балаларды балабақшаға орналастыруға көмектесуде

15.08.2014
«Балапан» бағдарламасы балаларды балабақшаға орналастыруға көмектесуде

Ата-аналардың «Балапан» бағдарламасы арқылы баланы балабақшаға орналастыруына болады. Ал, балабақшаның ақысын ата-ана мен мемлекет бірлесе төлейді. Яғни, мемлекет баланың мектепке дейінгі тәрбиесі мен оқуы үшін, ал, ата-ана тамақтануға кететін шығынды, қалауынша балабақша тарапынан көрсетілетін басқа да қызмет түрлеріне төлейді. Бұл туралы  astana.gov.kz сайты хабарлап отыр.

Жеке меншік балабақшаға және мемлекеттік балабақшаға баратын балаларға қойылатын талаптардың үлгілері бірдей. 

Бос орындар туралы мәліметті  Астана қаласы Білім басқармасының www.astana-bilim.kz  сайтынан білуге болады.

Қабылдау күндері: әр  айдын екінші және төртінші  сейсенбісі.

Айта кету керек, бүгінде астананың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 171 мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 78 мемлекеттік, 66 жеке меншік және 2 ведомстволық балабақша, 25 шағын орталық бар. 

Хабарламаларға жазылу